Жылыойда карантин режимі тағы ұзартылды

Жылыой ауданы Бас санитарлық дәрігерінің жаңа 17.06.2020 жылғы БСМД N98 қаулысы

Қысқаша мәтіні:

- карантин 2 шілдеге дейін созылды;

- азық-түлік емес дүкендер, шаштараздар мен сұлулық салондар қызметіне, көлік жуу, жөндеу, тегершік жөндеу орталықтарының қызметіне, оргтехника жөндеу қызметтеріне рұқсат берілді.

Толық мәтіні:

«Жылыой ауданында карантинтік режимді ұзарту туралы» 2020 жылғы 04 маусымдағы № 66 –ПГВР Жылыой ауданы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістермен толықтырулар еңгізу туралы Мен, Жылыой ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Хабибуллин Талғат Әділбекұлы Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 21-бабы 13-тармағының 4-тармақшасына және 148-бабының 1-тармағына және коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Жылыой ауданында эпидемиологиялық жағдай толық тұрақтанға дейін карантин режимі және шектеу шаралары 2020 жылдың 02 шілдесіне дейін ұзартылсын.

2. 23:00-ден 06: 00-ге дейін Жылыой ауданында жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының, жедел және шұғыл медициналық қызмет көрсету қызметкерлері, мемлекеттік медициналық мекемелер, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, өрт сөндіру, авариялық-құтқару және авариялық-техникалық қызметтер, сондай-ақ стратегиялық маңыздағы нысандарға өндірістік қызмет көрсететін және өмірді қамтамасыз ету нысандары қызметкерінен қызметкерлерді қоспағанда азаматтар мен көліктердің қозғалысына толықтай тыйым салынады;

3. Сағат 06:00 және 23:00 аралығында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, міндетті түрде бетперде тағып, 1,5-2 метр ара қашықтықты сақтап, азаматтарға тұрғылықты жерінен шығуға, жүруіне рұқсат берілсін; Азаматтардың қозғалысы жұмысқа баруға, азық-түлік, дәрі-дәрмек, бірінші қажеттіліктегі заттарды, рұқсат берілген қызмет түрлерін алуға (тұрғылықты жеріне жақын маңдағы), шұғыл жағдайлар бойынша дәрігерлік көмек алуға байланысты қозғалысына, азаматтарға қызметтік, жеке, қоғамдық көлікпен жүруіне рұқсат берілсін;

4. 2020 жылғы 18 маусымы сағат 07:00-ден бастап күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық шараларды сақтай отырып,келесі уақытша шектеулер белгіленсін (22.05.2020 ж. №37 және 30.05.2020 ж. №38 ҚР БМСДҚ алгоритміне сәйкес):

1) жиналыстарды, кеңестерді, семинарларды, конференцияларды селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыспен өткізу арқылы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің 80%-ын "қашықтықтан" жұмыс жасау формасына ауыстыру;

2) ) шаштараздар, сұлулық салондары барлық қызмет түрлері алдын алу жазылу бойынша сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін;

3) Азық-түлік емес базарлары және дүкендері 10.00-ден 17.00-ге дейін;

4) көлік жуу, тегершік жасау, көлік жөндеу орындары (көлік жуу және көлік жөндеу орындары адамдардың көліктерін қабылдап алып қалу тәсілімен);

5) тұрмыстық және оргтехника жөндеу орталықтары (алып кету және жеткізу қағидасымен)

5. Жылыой ауданы әкімдігіне:

1) Кент, ауылдық округтерге қатынайтын 06.00-ден 22.00 сағат аралығында қоғамдық көліктік жұмысы қайта іске қосылсын, ҚР БМСД 22.05.2020 жылғы №37қаулысының №15 қосымшасына сәйкес;

2) меншік нысанына қарамастан барлық мектепке дейінгі балалар ұйымдарының қызметіне тыйым салынсын;

3) қала сыртындағы сауықтыру орталықтарының және мектеп жанындағы лагерьлердің қызметіне тыйым салынсын;

6. Құлсары қаласы және кент, округ әкімдіктеріне:

1) Эпидемиологиялық ахуалға қарсы шаралардың орындалуын бақылау және мониторинг жасау жұмысына тартылған мобильдік топтардың рұқсат берілген нысандардағы кемшіліктер туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат тарату жұмысы ұйымдастырылсын.

2) 22.05.2020 жылғы №37 ҚР БМСДҚ №18 қосымшасына сәйкес қоғамдық және адамдар көп шоғырланатын орындарда дезинфекциялық шаралардыжүргізу;

7. Кәсіпкерлік нысандардың жұмысын қайта іске қосуға төмендегі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаған жағдайда ғана рұқсат беріледі:

1) технологиялық процесс және қызмет көрсету процесіне тікелей қатынаспайтын қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс режиміне максималды түрде ауыстыру;

2) нысанға бөгде тұлғаның кіру мүмкіндігін болдырмау үшін сақтық шараларын күшейту;

3) қызметкерлерді жұмысқа қосар алдында респираторлы аурулар симптомдарының бар-жоғын тексеру. Яғни, коронавирус инфекциясы болуы мүмкін (құрғақ жөтел, жоғары дене қызуы, тыныс алудың ауырлауы, ауа жетіспеуі және т.б.) ЖРВИ, тұмау белгілері бар қызметкерлердің жұмысқа шығуына жол бермеу. Дереу оқшаулап, жедел жәрдем қызметін шақыру.

4) орта және ірі кәсіпорындарда медициналық пункттердің міндетті түрде болуы, кәсіпорында әр ауысымды қабылдап алып, тапсырғаннан кейінгі аралықта қызметкерлерді тексеру үшін медициналық персоналдың міндетті түрде жұмыс орнында болуы;

5) қызметкерлер арасында жеке және қоғамдық гигиена талаптарын сақтау, бақылау бойынша нұсқау жүргізу;

6) уақытылы ауыстыру талаптарын сақтай отырып, жұмыс орнында қорғаныс бетперделері мен респираторларды қолдану;

7) жұмыс орындарында антисептиктер, жеке қорғаныс құралдарының азаймайтын қорының, әрбір нысанда дезинфекциялау, жуғыш заттар мен антисептикалық заттардың болуы; (орта және ірі кәсіпорындарда: нұсқама, қорғаныс құралдарын уақытылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуғыш және антисептикалық заттардың қажетті қорын қамтамасыз ету және қадағалау, нұсқаманы орындау мерзімділігі бойынша журнал жүргізу, қорғаныс құралдарын ауыстыру және дезинфекциялық құралдар қорын толықтыру үшін жауапты тұлғаны бекіту);

8)нысанда жанаспай жұмыс жасауды енгізу үшін технологиялық процестерді автоматтандыруды барынша пайдалану;

9) тұрақты жұмыс орындарының арасында 2 метрден кем емес арақашықтықтың болуы;

10) қызметкерлер тығыз шоғырларланатын аумақтардың жұмысын шектеу (жұмыс процесі технологиясын мүмкіндігінше қайта қарастыру);

11) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды вирулицидтік әсері бар құралдармен дезинфекциялау арқылы, оның ішінде есік тұтқалары, сөндіргіштер, тұтқалар мен таяныштарды, жанасатын беттерді (қызметкерлердің үстелі мен орындықтары, оргтехника), жалпылама қолданыс орындарын (гардероб, тамақтану мен тынығу бөлмелері, санитарлық тораптарды) міндетті дезинфекциялаумен бір ауысымда кем дегенде 2 мәрте ылғалды жинастырып тазарту;

12) желдету жүйелері және ауаны баптау жүйелерінің тоқтаусыз жұмыс жасап тұруы, оған профилактикалық тексеру мен жөндеу жүргізіп отыру, оның ішінде фильтрлерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды жүзеге асырып, ауаны тазарту тәртібін қамтамасыз ету;

13) жұмыс орындарында тамақтануға тыйым салу;

8. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың, өндіріс нысандарының оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін мекемелердің басшыларына:

1) 2020 жылдың 20 маусымына дейін өндірістік нысандарда, вахталық қалашықтарда, кеңседе және өзге де үй-жайларда санитарлық-гигиеналық шараларды күшейту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және жергілікті атқарушы органға ұсынсын;

2) 22.05.2020 жылғы №37 ҚР БМСДҚ №21 қосымшасына сәйкес вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындар қызметкерлерінің шығу (кіру) тәртібін қоса алғанда, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістік нысандарда санитарлық- гигиеналық іс-шараларды күшейту.

3) Қызметкерлердің 80% - ын қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстыру. 9. Жылыой аудандық Полиция бөлімі қамтамасыз етсін:

1) Жылыой ауданының карантиндік аймағының ішіндегі бақылау-өткізу пункттерінде (блок-пост) санитарлық-бақылау жұмыстары жалғастырылсын.

2) COVID-19 бойынша карантиндік, провизорлық және инфекциялық стационарларды күзету;

3) Атырау облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын бұзушыларға қатысты әкімшілік шараларды қолдану және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

4) отбасылық, еске алу шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас берулер) үйде өткізуге жол бермеу;

5) жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, мониторингтік топтардың құрамында карантиндік шектеу шараларының бұзылуының алдын алу және жолын кесу бойынша жұмыстарды жүргізсін.

10. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, ішкі саясат бөлімі басшыларына, округ, кент әкімдерімен бірлесіп:

1) Коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша аудан аумағында карантин және шектеу іс-шаралары режимін сақтау жөніндегі жадынамалар, хабарландырулар, инфографикалар бейнероликтер мен жүгіртпе жолдарды т.б. тарату арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, әлеуметтік желілер арқылы таратуды қамтамасыз етсін;

11. Жоғарыда кезең-кезеңмен рұқсат етілгендер ұйымдар мен кәсіпорындарды қоспағанда, қызметтің барлық өзге түрлерінің жұмысы карантин мен шектеу шараларының кезінде тоқтатыла тұрады.

12. Эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда карантиндік шараларды қатаңдатуға көшу құқығын өзіме қалдырамын.

13. Аталған Қаулының орындалу жұмысын бақылауды өзіме қалдырамын.

14. Аталған Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Жылыой ауданының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері ​​​​​Т.Хабибуллин

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521