Жылыойда көше қауіпсіздігіне байланысты жедел шара өтті

Аудан аумағында көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін жедел-профилактикалық шаралар ұйымдастырылуда.

Іс-шараның басты мақсаты - жол-көлік оқиғасының алдын алу болып табылады. Бір күнде жолда жүру ережелерін бұзған 28 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. 11 автобус жүргізушілеріне әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін әкімшілік хаттамалар толтырылса, оның ішінде 1 автобус арнайы тұраққа қойылды. 2 автобус жүргізушісі көліктерін рұқсатсыз қайта жабдықтағаны үшін оларға әкімшілік шара алынды. Іс-шара әрмен қарай жалғасуда.

Аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілерден көлік құралын басқару кезінде жылдамдықты шамадан тыс асырмауды және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Ал жаяу жүргіншілерге арнайы «жаяу жүргінші» белгісі тұсынан , қауіпсіздікке көз жеткізіп барып көшеден өтуге шақырады.

А.МОЛДАШЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT