Жылыойда демалыс күндері карантин шаралары күшейтіледі

Карантин

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қанат Ғайнеденовтың 2020 жылғы 15 тамыздағы №62 қаулысына сәйкес 17 тамыздан бастап облыстағы шектеу шаралары жеңілдетіліп, кейбір қоғамдық нысандардың жұмысына рұхсат етілген болатын. Дегенмен қаулы мәтінінде көрсетілгендей демалыс күндері кейбір карантин шаралары қайта күшейтіледі.

Осыған орай 22-23 тамыз күндері Атырау облысында:

- халықтың қозғалысын шектеу;

- қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұру;

- 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеу;

- сауда және ойын-сауық орталықтарының (бутиктер), сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметін тоқтата тұруға;

- азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлардың қызметін тоқтата тұруға;

- СПА-орталықтардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін орталықтар мен салондардың, маникюр және педикюр қызметін тоқтата тұруға;

- балалар түзету кабинеттерінің, балалар мен ересектердің оқу орталықтарының, оңалту орталықтарының, фитнес орталықтарының, моншалардың, сауналардың қызметін тоқтата тұруға міндетті.

Айта кетейік, Атырау облысы бойынша карантин шаралары 31 тамызға дейін жалғасады.

Және сенбі, жексенбі күндері блокбекеттер қойылмайды.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика