Жылыойда дәрігерлер жетіспейді

Жылыой ауданында дәрігерлердің жетіспеушілігі өткір тұрған өзекті мәселеге айналғанын аудан әкімі Халел Жамалов онлайн есеп беру кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды ATPress.kz

Жалпы, өткен жылы барлығы 13 маман дәрігер келіпті ауданға. Оның ішінде 5 жас маман – 2-эндокринолог, 1 – педиатр, 1 – эпидемиолог, 1 – терапевт, 1 – кардиолог, 1 – хирург, 1 – акушер-гинеколог. - Бірақ, бізге әлі де 25 дәрігер жетіспейді (10-жалпы тәжірибелі дәрігер, 1-гастроэнтеролог, 2-инфекционист, 1-дәрігер реабилитолог, 1-функционалдық диагностика дәрігері, 1-травматолог-ортопед, 2-анестезиолог-реаниматолог, 1-онколог, 1-офтальмолог, 1-фтизиатр, 1-невропатолог, 1-психиатр, 1-сәулелі диагностика, 1-клиникалық фармаколог, 1-дәрігер эксперт), – деді Халел Жамалов. Дегенменен, сала бойынша өзге мәселелер рет-ретімен шешімін тауып келеді екен.

Қазір ауданда гемодиализ орталығы жұмыс жасайды. Ауданда созылмалы бүйрек ахауы (хроническая почечная недостаточность) диагнозымен 23 науқас диспансерлік есепте тұр, оның 18-і гемодиализ қабылдайды.

Сонымен қатар, Туберкулездік аурухана ғимараты жанынан ашылған 40 керуеттік инфекциялық стационар және Құлсары қаласы 9 учаске №160 үй мекен-жайында орналасқан уақытша ашылған 60 орындық провизорлық стационар жұмыс жасауда.

Халел Жамаловтың мәліметіне сәйкес, Жылыой ауданы бойынша 27 наурыз – 31 желтоқсан аралығында короновирус инфекциясының 1 190 жағдайы тіркелді, 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіші – 15 пайызды құрады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521