Бірнеше күннен бері бұқара халық дәрі-дәрмекті жаппай сатып алуға кірісті.
Бүгін Жылыой ауданы әкімдігі жанынан құрылған мобильді топ мүшелерімен Құлсары қаласындағы дәріханаларға мониторинг жүргізілді.
Бірнеше күннен бері дәріханаларда ұзын-сонар кезек түзіліп, бұқара халық дәрі-дәрмекті жаппай сатып алуға кірісті. Нәтижесінде дәрі сөрелері босап қалған.
Мониторинг барысында дәріханаларда бетперделердің (маска) бағасы 60-120 теңге аралығында, ал парацетамол, аспирин, цефамед, 0,5 мл шприцтердің тапшылығы анықталды.
Аталған дәрі-дәрмектердің қорын толықтыру мақсатында Облыстық денсаулық сақтау басқармасына ұсыныстар дайындалуда.
Жылыой аудандық жедел штабы
 
                                    
             
     
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						

 
 