Жылыойда биыл 432 адам жұмыспен қамтылды

Бұл туралы Жылыой ауданының әкімі Халел Жамалов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биыл ауданда Жұмыспен қамту орталығына 1408 жұмыссыз тіркеліп, оның 432-і жұмыспен қамтылған. «Еңбек» бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орнына 33 адам, жастар тәжірибесіне 24 жас маман тәжірибе жинақтауға және ақылы қоғамдық жұмысқа 163 адам тартылған.

-Жыл басынан бері 1 рет «Бос жұмыс орындарының» жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 355 адам қатысып, 25-і тұрақты жұмыспен қамтылды.  Сондай-ақ  Теңіз кенішіндегі мекемелермен мүмкіндігі шектеулі адамдарды, Пробациялық қызмет есебінде тұрған, жазасын өтеу орындарынан босап шыққан азаматтарды квота шеңберінде жұмысқа орналастыру мақсатында арнайы бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесінде 13 мүмкіндігі шектеулі жандарды және 12 бас бостандығынан айырылып, босап келген адамдарды жұмысқа алуына оң шешім қабылданды. Қазіргі таңда жұмыссыздықты азайту – басты міндетіміз болып табылады, деді аудан әкімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT