Жылыойда «Береке» ықшамауданында мектеп салынады

Бұл туралы Жылыой ауданы әкімі Жұмабек Қаражанов «Береке», СМП-224 және 9-учаске тұрғындарымен кездесу кезінде айтты.

Береке ықшамауданының тұрғындарын орта білім беретін мектептің жоқтығы алаңдатады. «Мектептің жоқтығынан балалардың автобуспен қатынауы әр ата-анаға қиын тиіп отыр» дейді тұрғындар.

«Келесі жылы «Береке» ықшамауданында 600 орындық жаңа мектеп салынады. Жалпы, ауданға қатысты түйткілді мәселелердің бәрі өңірді дамытудың бес жылдық жоспарына енгізілді. Және халықтың сұранысына ие жобалардың сметалық құжаттамасы жасақталуда» деді Жылыой ауданы әкімі Жұмабек Қаражанов.

Жылыой ауданы әкімі Ж.Қаражановтың Құлсары қаласындағы әр ықшамаудан тұрғындарымен кездесуі жалғасуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521