Жылыойда азық-түлік бағасына мониторинг жүргізілуде

Құлсары қаласында азық-түлік дүкендері, базарлар, әмбебап маркеттерде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына мониторинг жүргізілді.

Атырау облысы сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бас маманы Сәбит Сүлейменовтің айтуынша, облыста әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік түрлеріне шекті баға бекітілген.
"Баға өсімі анықталған жағдайда тұрғындар Е- өтініш платформасы немесе Атырау облысы сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне шағымдана алады. Аталған мониторинг жұмыстары қала, аудандарда апта сайын өтіп тұрады. Ондағы мақсат - нарықтағы бағаны бақылау" деді спикер Сәбит Сүлейменов.

Еске сала кетелік, Құлсары қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлері "Лидер" әмбебап маркетінің екі нүктесі арқылы қолжетімді бағада сатылуда.
Қазіргі уақытта Құлсары қаласында азық-түлік сатумен айналысатын 150-ге жуық сауда нүктесі жұмыс істеп тұр.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521