Жылыойда азық-түлік бағасы тұрақты

«Amanat» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен арнайы құрылған  жұмыс тобы мүшелері  қаладағы сауда орындарын аралап,  әлеуметтік  маңызы бар азық-түлік  бағаларының тұрақтылығын сақтау мақсатында рейдтік шара жүргізді.

Жұмыс тобының құрамында  аудандық партия филиалының  атқарушы хатшысы Ш.Жанаева, «Сыбайлас жемқорлық» қоғамдық кеңесінің  төрайымы  және  аудандық  мәслихат депутаты С.Мәмбетова,  сондай-ақ, тиісті атқарушы  бөлімнің жауапты маманы мен белсенді азаматтар да болды.

Тамақ бағасына  орай ұйымдастырылған  рейдтік шара кезінде «Жұма», «Мырза», «Нұржауған» және тағы да басқа  азық-түлік  дүкендеріндегі  бағаға мониторинг  жүргізілді.  Сонымен қатар,  халыққа аса  қажетті әлеуметтік азық-түлік пен өзге де  қажетті өнімдердің  дүкен сөрелерінде бар болуы да басты назарға алынды. Байқалғандай, өткен апталарға қарағанда қантқа сұраныс азайған және бағасында да тұрақтылық байқалады.

Жұмысшы  топ мүшелері  өздері  аяқ басқан дүкендердің иелеріне тұрғындар  тұтынатын тамақ бағаларын себепсіз өсірмеуді қаперге берді. Олардың айтуынша,  дәл осындай рейдтік шаралар алдағы уақытта да жүзеге аспақ.

Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT