№21 орта білім беретін мектеп ғимаратының аумағында ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр.
Бұл ғимаратта нөмірі 235, 260 сайлау учаскелері орналасқан.
Жәрмеңкеде сатып алушыларға жергілікті және Бейнеу ауданының азық-түлік кәсіпорындарының әр түрлі тауарлары сатылуда. Сондай-ақ “Әділ сүт зауыты” ЖШС-нің сүт өнімдері қойылған.
Айта кетейік, №21 орта білім беретін мектепте орналасқан нөмірі 235 сайлау учаскесінде 2414 сайлаушы болса, нөмірі 260 сайлау учаскесінде 2506 адам тіркелген.
А.МОЛДАШЕВ