12 тамызда «AMANAT» партиясы Жылыой аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының кезектен тыс отырысы өткізілді.
Отырыста ауданымызда азық-түлік бағасының қымбатшылығы, бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «AMANAT» партиясы аудандық филиалы жанынан құрылған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыруға бағытталған мониторинг топтардың жүргізіп жатқан жұмыстары тыңдалды.
Мониторинг топтардың мүшелері азық-түлік бағаларын реттеу үшін алдағы ауданның жоспарына ауданда үлкен көлемде азық-түлік қоймасын салу және негізгі әлеуметтік маңызы бар тағамдарға бағаның белгілі бір пайыздан асырмау керектігі жөнінде өздерінің ұсыныстарын айтты.
Сонымен қатар, отырыста тауарларды сақтау мен тұтынушыларға жеткізудің заманауи инфрақұрылымын құру қажеттігі туралы да ұсыныс айтылды. Бұл дегеніміз тиімсіз делдалдардан арылуға және отандық тауар өндірушілер үшін өнімді тікелей өткізуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Азық-түлік тауарлары базарларға, дүкендерге жеткізілгенше, яғни өндірушіден тұтынушыға дейінгі жолда 3 есе қымбаттайды. Делдалдар да, бөлшек сатушылар да өздерінің жоғары үстеме бағаларын қояды. Ал, сақтау мен технологиялық шығындарды ескергенде, баға тағы бірнеше пайызға өседі.
Партиялық бақылау комиссиясы отырысының қарауына ұсынылған мәселе толығымен қаралып, талқыланып, қорытындысында тиісті қаулы қабылданып, орындалуын қадағалау комиссия мүшелеріне тапсырылды.
#AMANAT