Жылыойда алаяқтық қылмыстар көбейді

Аудан көлемінде 2021-2022 жылдары 354 алаяқтық дерегі тіркелген, олардың 203 интернет алаяқтығына тиесілі.

Мысалы соңғы кезде онлайн-несие берумен айналысатын микроқаржылық ұйымдарының саны көбейді.

Мұның себебі осындай ұйымдардан несие алу әлдеқайда тез және оңай болуында.

«Өз кезегінде алаяқтар осыны пайдалана отырып, ештеңеге күдіктенбейтін азаматтарға микроқаржылық ұйымдардан онлайн-несиелерді ресімдеуде. Бұл туралы олар өздерінің банктік шоттары бұғатталған кезде немесе сот орындаушыларынан қоңыраулар түскен кезде біледі», - деп атап өтті аудан прокуроры Асхат ҚАСЫМОВ.

Теңіз кенішіндегі мердігер компанияларға жұмысқа орналастырамын және пайызсыз несие рәсімдеп беремін деп алаяқтық жасағандардың саны да артып келеді.

Осындай алаяқтық қылмыстардың түрлерінен 2021-2022 жылдары 220-ға жуық азаматтар зардап шегіп, оларға 80 млн. теңгеден астам шығын келтірілген.

Жалпы алаяқ қылмыстары бойынша 2021 жылы – 15, 2022 жылы – 9 адам сотталған.

 Сондай-ақ, алаяқ қылмыстары азаматтармен қарапайым ережелерді сақтамауынан орын алатынын түсіну маңызды, яғни қоңырау шалған білгісіз тұлғаларға ЖСН және басқа да төлқұжат деректерін жариялау салдарынан орын алып келеді.

Осыған байланысты аудан прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және бейтаныс адамдарға өздерінің дербес деректерін (ЖСН, жеке куәлік нөмірлерін және т.б.) жолдамауға, әлеуметтік желілерде төлем карталарының деректемелерін жарияламауға, күмәнді интернет-ресурстарда өздерінің банктік карталарының деректерін енгізбеуге кеңес береді.

Интернет-алаяқтық фактілері анықталған жағдайда азаматтар құқық қорғау органдарына хабарласуы қажет - деп қорытындылады қадағалау ведомствосында.

 screenshot_5

Жылыой ауданының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT