ЖЫЛЫОЙДА АБИЛИТАЦИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛГЕН СПОРТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін ауданда Республика күні қарсаңында  “Future sport” атты абилитациялық бейімделген спорт орталығының ашылу салтанаты өтті.
Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Жантөре Рашев, “Теңізшевройл” ЖШС-нің өкілі Нұрлан Ерғалиев және ауданның әлеуметтік кәсіпкерлері мен ата-аналар қатысты.
 
Спорт орталығы ментальды ауытқуы бар балаларды қабылдап, оларға нейрогимнастикалық жаттығулар, ава терапия, логопед-дефектолог маманы: логомассаж, артикуляциялық массаж және мектепке даярлық сабақтары мен музыка терапия өткізіледі.
 
Орталықты “Сенім тірегі” қоғамдық қоры “Жарқыра” жобасы арқылы салды. Орталық 100 балаға ақылы түрде қызмет көрсетеді.
 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT