Жылыойда 8 адам үй карантинінде

Күні бүгін әрқайсысынан арнайы анализ алынып, мамандар үй карантинінде қатаң бақылауда ұстап отыр.

Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Нұрбек Үкібаевтың хабарлауынша, қазіргі таңда қатаң қадағалауда 8 жылыойлық бар көрінеді. Олар: еліміздің Алматы, Астана, Ресейдің Мәскеу қаласынан келгендер, арасында коронавирус жұқтырған жолаушысы бар Стамбул-Алматы әуе рейсінде болған жерлесіміз де бар.

Күні бүгін әрқайсысынан арнайы анализ алынып, мамандар үй карантинінде қатаң бақылауда ұстап отыр. «Жаман айтпай, жақсы жоқ» дегендей, егер қауіпті індет ауданнан бас көтере қалған жағдайда қолға алатын қарсы емдік шаралары да алдын ала әзірленіп қойылған.

Атап айтқанда, Құлсары қаласының шетіндегі бұрынғы өкпе аурулар аурулар ауруханасының ғимараты карантиндік стационар ретінде ашылды. Ол 40 адамға шақталған. Сонымен бірге, онда 20 науқасқа арналған провизорлық орын да дайын. Ал коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдау үшін орталық аурухананың инфекциялық бөлімі де сақадай сай тұр.

Е.Қошақанов

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521