ЖЫЛЫОЙДА 2000 БАС ТӨРТ ТҮЛІК МАЛҒА ЖАРЫҚ ШАҒЫЛЫСТЫРҒЫШ ЛЕНТА ТАҒЫЛДЫ

Жылыой ауданы территориясындағы Құлсары-Теңіз, Құлсары-Атырау, Құлсары-Бейнеу бағыттарында тас жол бойында үй жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында, төрт-түлік малдарға жарық шағылыстырғыш лента тағылды.

Төрт түлік малдың автомобиль жолына шығып кету себебінен жол қозғалысының қауіпсіздігі бұзылады, оның ішінде адам денсаулығы мен материалдық шығындар орын алуы әбден мүмкін. Ал жарық шағылыстырғыш лентаның көлік жүргізушісінің дер кезінде жол апатынан сақтануына көмегі көп.

Қазіргі таңда жергілікті тұрғындарға малды қараусыз қалдырмау туралы түсініктеме беріліп, ауданға қарасты қала, кент және ауылдық округтеріндегі шаруа қожалықтары мен мал асырайтын тұрғындарға «Теңізшевройл» мекемесінің демеушілігімен алынған 2000 жарық шағылыстырғыш таратылып, үй жануарларына толықтай тағылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521