Жылыойда 2 мың тоннаға жуық ет өндірілді

Өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда ет өндіру 106 пайызға артқан

Ауданда ауылшаруашылығы өнімдерімен қамту үлесі артқан, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Жылыой ауданының әкімі Хәлел Жамалов мәлімдеді.

- Ауданда 22 855 бас мүйізді ірі қара, 97 168 бас қой-ешкі, 11 434 бас жылқы, 9 388 бас түйе өсірілуде. Осы мезгілде тірілей салмақпен есептегенде 1,6 мың тонна ет, 1,4 мың тонна сүт, 3 млн 407 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда ет өндіру 106 пайызға, сүт өндіру 102, пайызға, жұмыртқа 52 пайызға артып отыр, – деді аудан әкімі.

Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT