Жылыой спортшылары грепплингтен ҚР Кубогында 3 медаль иеленді

ken-zhyloi.kz

Жылыойлық спортшы, төрт дүркін Қазақстан чемпионы Айғалиев Мейрамбек ҚР кубогында  алтын медальге қол жеткізді.

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 26-27 маусым күндері Павлодар қаласында грепплинг күресінен жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының Кубогі өткен болатын. Еліміздің 12 аймағынан 170 спортшы қатынасқан грепплинг күресінен Атырау облысының спортшылары 2 алтын, 3 күміс және 8 қола медальге қол жеткізіп есептік көрсеткіште 6-шы орынға табан тіреді.

Жасөспірімдер арасында "No gi" бөлімі бойынша 46 келі салмақтағы төрт дүркін ел чемпионы жылыойлық Айғалиев Мейрамбек алтын жүлдеге ие болды. Жастар арасында "No gi" бөлімі бойынша 130 келідегі Мұратұлы Алтынбек ақтық бәсекеде қарсыласына есе жіберіп күміс медаль еншілесе, "Gi" бөлімі бойынша 42 келіде Төлеген Әсет қола жүлдеге ие болып, Жылыой ауданының қоржыны 3 медальге толықты.

Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

#Qazaqstan30

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT