Жылыой өнерпаздары "Тәуелсіздік -  тұғырым" байқауында I орынға ие болды

ken-zhyloi.kz

Биыл Ел тәуелсіздігінің отыз жылдығына орай республиканың әр түкпірінде түрлі мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылуда. Осындай өнер додаларының байқауында және эпидемиологиялық шараларлаға байланысты шектеулі түрде өтетін online байқауларға Жылыой өнерпаздары әрдайым қатынасып өз өнерлерін шыңдау үстінде.

16-22 шілде аралығында Алматы қаласында өткен "Тәуелсіздік тұғырым" атты жас өнерпаздардың байқауында "Шолпан" оқу орталығының шәкірттері ұлттық аспапта төрт шығарма орындап жүлделі I орынға ие болды.

Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ауданның дарынды балаларының өнерін шыңдап жүрген оқу орталығына шығармашылық табыс тілеп жас өнерпаздардың ата аналарына алғыс білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521