Алғашқы Құлсары қаласындағы 5 қабатты 100 пәтерлік 3 тұрғын үйлердің құрылысына барды.
Мердігер «Каспийская Кадровая Ассоциация» мекемесі жүргізуде. Қазіргі таңда 90% жұмыс жасалды. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2022 жылдың жаз мезгілінде жоспарлануда.
Сонымен қатар Құлсары қаласы Нұрманов және Сариев көшелерін Құрсай өзегі арқылы өтетін көпірінің құрылыс жұмысын аралады. Мердігер мекеме "Казкомсервис" ЖШС-гі. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың қазан айында басталды. Қазіргі уақытта көпірдің осі мен тіректері және алаңы дайындалып, қадалары (свай) орнықтыру жұмыстары жүргізілуде. Құлсары қаласындағы Электрмен жабдықтау объектісінің құрылысына барды.
Мердігер «Айком ЛТД» мекемесі жүргізуде. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2022 жылдың күз мезгілінде жоспарлануда. Құлсары қаласында №5 жалпа орта білім беретін мектептің құрылыс жұмысын аралады. Мердігер «Тараз Құрылыс Инвест» мекемесі жүргізуде. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2022 жылдың күз айында жоспарлануда.
Сондай-ақ, Жылыой ауданының әкімі Х.Жамалов мердігер мекеме басшыларына құрылысы жүріп жатқан нысандардың сапасын басты назарға алуды, мерзімінде пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді тапсырды.