Жылыой ауданының әкімі Х.Жамалов аудан жастарымен еркін форматта кездесу өткізді. Кездесуге ауданның белсенді жастары, жас кәсіпкерлер, спортшылар, студенттер мен жұмыссыз жүрген жастар қатысты.
Қоғамның басты қозғаушы күші - жастар өздерін ойландырып жүрген сауалдарын қойып, жүзеге асқан жұмыстар туралы пікірлерімен бөлісті.
Жастар тарапынан ауданда:
- жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін спорт үйірмелері мен мәдени нысандар (кинотеатр, боулинг, орталықтар) көптеп ашылса;
- Шоқпартоғай ауылында жастар саябағы бой көтерсе;
- қаламыздағы бос пайдаланылмай тұрған кәсіпкерлік нысандар жас кәсіпкерлерге берілсе;
- Махамбет даңғылы бойындағы 2 қатарлы тұрғын үйлерді бұзып, жаңа тұрғын үйлер бой көтерсе;
- Жайдарман ойындарына қолдау білдірілсе;
- ауданымызға инвестиция тарту шаралары күшейтіліп, форумдар ұйымдастырылса;
- ауданымыздағы қайырымдылықпен айналысатын еріктілер тобын бір арнаға тоғыстырса;
- ауылдық округ жастарына көбірек көңіл бөлінсе деген ұсыныстарын айтты.
Аудан жастарымен енгізілген ұсыныстар бойынша шаралар қабылданатын болады.