ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫНЫҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ

Жылыой ауданының 95 жылдығы аясында жылыойлық қолөнер шеберлерінің көрмесі және жәрмеңке өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Өнерлі өрен – өлке мақтанышы» атты көрмеге жылыойлық қолөнер шеберлері дайындаған зергерлік және сәндік бұйымдар, өлкенің көрікті жерлерінің суреттері мен макеттері және жылыойлық ақын-жазушылардың кітаптары қойылды.

Сондай-ақ жылыойық кәсіпкерлердің өнімдері мен ауыл шаруашылығы өнімдері қойылған «Жылыой жәрмеңкесі» атты жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде ауданның 20-ға жуық кәсіпкерінің сан түрлі өнімдері көпшілікке ұсынылды.
Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласып, көрме-жәрмеңкені тамашалауға келген тұрғындарға аудан өнерпаздары мерекелік көңіл-күй сыйлады. Көрме мен жәрмеңкеге өз туындыларын, өнімдерін ұсынған барлық қолөнер шеберлері мен суретші-мүсіншілерге және аудан кәсіпкерлеріне зор алғысымызды білдіре отырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT