Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов республикалық референдумда дауыс берді

Бүгін Құлсары қаласындағы аудандық мәдениет үйінде орналасқан №94 сайлау учаскесіне аудан әкімі Жұмабек Қаражанов келіп, республикалық референдумда дауыс берді.
«Референдумға қатысу - әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы. Жылыойлықтар тәуелсіз еліміздің тұрақтылығы мен гүлденуіне дауыс береді деп сенемін», - деп атап өтті Жұмабек Қаражанов.

Айта кетейік, Жылыой ауданында 24 дауыс беру учаскесі жұмыс жасап тұр. Сайлау комиссияларының құрамына 215 адам тартылған. Аудан бойынша сайлаушылар саны 48 473 адамды құрайды.

Сайлау учаскелері өз жұмысын таңғы 7-ден бастап, сағат 20:00-де аяқтайды.

Жылыой ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT