Бүгін Құлсары қаласындағы Жастар үйінде орналасқан №94 сайлау учаскесіне аудан әкімі Жұмабек Қаражанов келіп, ҚР Президенттігіне кандидаттардың біріне дауыс берді.
«Сайлауға қатысу - әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы. Жылыойлықтар тәуелсіз еліміздің тұрақтылығы мен гүлденуіне дауыс береді деп сенемін», - деп атап өтті Жұмабек Қаражанов.
Айта кетейік, Жылыой ауданында 24 дауыс беру учаскесі жұмыс жасап тұр.
Сайлау комиссияларының құрамына 215 адам тартылған. Аудан бойынша сайлаушылар саны 58684 адамды құрайды.
Сондай-ақ, Теңіз кенішінде 14 мыңға жуық өзге өңірлердің азаматы белсенді қатысуда. Оларға 15 жылжымалы пункт қызмет көрсетіп жатыр.
Сайлау учаскелері өз жұмысын таңғы 7-ден бастап, сағат 20:00-де аяқтайды.
Жылыой ауданы әкімінің баспасөз қызметі