Жылыой ауданының әкімі қысқы маусымға дайындық жұмыстарымен танысты

Қысқа дайындық жұмыстары аса маңызды. Қыстың көзі қырауда халық жылусыз, сусыз қалмауы үшін осы бастан суық маусымға әзірлік тиянақты жүргізілуге тиісті. Аудан әкімі Жұмабек Қаражанов Құлсары қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, олардың қысқы маусымға дайындық жұмыстарымен танысты.

Ауданымыздағы "Жылыойсу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына да жүктелер міндет пен жауапкершілік жүгі салмақты. Аудан әкімі осы мекемедегі нысандарды аралап шықты. Бұдан соң «Жылыойсу» басшысына әлеуметтік  және барлық объектілерді қысқы маусымға дайындауды уақытылы аяқтауды бақылауға алып, сапалы орындауды қатаң тапсырды.

"Жылыойсу" МКК басшысының хабарламасына сәйкес, ауданымыздағы көпқабатты тұрғын үйлер қысқы маусымға толық дайындықтан өткізілуде. Бұл жұмыс қазан айында аяқталады.

 

 

С.БАҚТЫҒАЛИ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521