ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫНЫҢ 2022 – 2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ ЖОСПАРЫ ҚАРАЛУДА

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Жылыой ауданының 2022-2025 жылдарға арналған даму жоспары бекітілуде. Ол үшін Атырау облысы әкімі С.Ж.Шапкеновтың тапсырмасына сәйкес Атырау облысы әкімдігі жанынан арнайы жұмысшы тобы құрылды. Жұмысшы топ құрамына Атырау облысы әкімдігіне қарасты басқарма басшылары енгізілген. Жұмысшы топ мүшелері Жылыой ауданына іс-сапарға келіп, аудан мәслихат депутаттарымен, Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында Жылыой ауданының әкімі Х.Жамалов өз кезегінде Жылыой ауданы тұрғындарының ұсыныстарын ескере отырып, әкімдік тарапынан ауданды дамытуда бірнеше ұсыныстар енгізді. Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері өз ұсыныстарын берді. Негізгі бағыттар: Тұрғын үй құрылысы, Инженерлік инфрақұрылым жүргізу, Автокөлік жолдарын салу және қайта жаңғырту, Білім саласы бойынша, Спорт саласы бойынша, Мәдениет саласы бойынша, Денсаулық сақтау саласы, Абаттандыру және көгалдандыру, Ауыз су мәселесі. Еске сала кетейік, Жылыой тұрғындарымен кездесу барысында Жылыой ауданының әкімі Х.Жамалов Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, Жылыой ауданы әкімдігі, «ТеңізШеврОйл» ЖШС-гімен бірлесе халықтан түскен ұсыныстарды енгізіп Жылыой ауданына дербес "Жылыой ауданының дамуына арналған кешенді жоспары" бекітілетінін жеткізген болатын. ​Сондай-ақ, Жылыой ауданының даму жоспары аудан тұрғындарының назарына ұсынылатыны жеткізіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521