Жылыой ауданындағы Наурыз тойы

Жылыой ауданы - ежелден жері кенге, елі өнерге бай киелі өңір! Ана тілін ардақтаған, ұлттық салт-дәстүрін ұлықтаған қазыналы өңір! Ауданымызда Самарқанның көк тасы еріп, күн көзі мейірленіп тұрған шақта қаз-қатар алты қанат ақ боз үйлер тігілді. Аудан халқы мерекені ауызбірлікпен, салтанатпен атап өтуде.

Аудан әкімі Жұмабек Қаражанов барша жылыойлықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Ел наурыз көжеден ауыз тиіп, спорттық ойындарды, Наурыз мерекесіне арналған мәдени бағдарламаны тамашалады. Қала мен ауылдарда түрлі көпшілік мерекелік іс- шаралар жер-жерде атап өтілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT