Қазіргі таңда 1 420 тұрғын вакцина алды.
Жылыой ауданында мыңнан астам тұрғын коронавирус инфекциясына қарсы вакцина қабылдады, деп хабарлайды коммуникациялар қызметі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Жылыой ауданының әкімі Хәлел Жамалов мәлімдеді.
- Ауданда коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алу бойынша түсінік жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Қазіргі таңда 1 420 тұрғын вакцина алды. Тұрғындар арасында вакциналау жұмыстары әлі де жалғасуда. Ауданда 2021 жылдың 4 айы аралығында короновирус инфекциясының 248 жағдайы тіркелді, – деді Хәлел Жамалов.
Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі