3 наурызда "Көктем-2022" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде Жылыой ауданындаа шұғыл әрекет ету жасағының дайындығы тексерілді.
Шұғыл әрекет ету топтарында авариялық-техникалық, авариялық-қалпына келтіру, инженерлік командалар және басқалар бар.
Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Н.Қондыбаев, Жылыой аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Н.Өтешовпен бірлесіп, әр топтың дайындығын бағалады, техниканың, сондай-ақ қажетті адамдардың саны туралы ақпараттармен алмасты.
Сонымен қатар, шұғыл әрекет ету тобының жетекшілеріне көктемгі кезеңде төтенше жағдай туындаған кезде өзара іс-қимыл және уақтылы әрекет ету бойынша жұмысты күшейту және отрядтың барлық топтарын тиісті түрде жинақтау бойынша шаралар қабылдау туралы тапсырмалар берілді.