ken-zhyloi.kz
Пробация үйінде есепте тұрған азаматтар үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, білім, спорт, кәсіпкерлік, көші-қон полициясы, денсаулық сақтау және қылмыстық атқару жүйесінің аудандағы бөлімдерінің заңгерлері мен мамандары қажеттілігіне қарай әлеуметтік-құқықтық көмек көрсететін болады.
Сонымен қатар, пробациялық есепте тұрған азаматтар өздеріне керек көмек түрлері бойынша еңбекке орналасу, мамандық меңгеру, кәсіпкерлікті қолдау үшін несие алу, орта білім алу, құжаттандыру, медициналық көмек, құқықтық көмек және өзге де көмек түрлерін ала алады.
Ашылған күннен бастап-ақ жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері бойынша Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Ә.Шәкіров пен аудандық жұмыспен қамту бөлімінің қызметкерлері Г. Дүйсенова, С.Курмангалиева, пробация қызметкерлері Г. Карасаева мен Д.Базарованың қатысуымен есепте тұрған бірқатар азаматты қабылдады.