Жылыой ауданында перзентханадағы аналар да дауыс берді

Жылыой ауданындағы перзентханада жатқан аналар республикалық референдумнан тыс қалмады. Перзентханадағы аналарға ерекше қолдау көрсетіп, сайлау комиссиясының мүшелері арнайы келіп, олардың дауыс беруіне мүмкіндік жасады. Бұл қадам аналардың өз азаматтық құқығын жүзеге асыруға және маңызды саяси оқиғаға қатысуына ықпал етті.
Бағдат Қоспақова – көпбалалы ана, 5 қазан күні қыз баланы дүниеге әкелген. Ол перзентхана қабырғасынан шықпай-ақ, референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Бағдат ханым еліміздің болашағы үшін әрбір дауыс маңызды екенін айтады және осындай мүмкіндік берілгеніне ризашылығын білдірді.

Айта кету керек, бүгін, яғни 6 қазан күні Жылыой ауданында үш нәресте дүниеге келді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT