23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған «Мемлекеттік қызмет – мерейлі міндет» атты мерекелік шара өтті.
Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Салтанатты шара барысында мемлекеттік қызметшілерге облыс, аудан әкімінің және Мемлекеттік қызмет істері департаментінің Алғыс хаттары табысталды. Сондай-ақ, аудандық мәслихат төрағасы мереке иелерін құттықтап, оларға алғысын білдірді.
Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласып, жергілікті өнерпаздар жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.