Жылыой ауданында мектептер 100 пайыз интернет жүйесіне қосылған

Бұл туралы аудан әкімі Халел Жамалов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жылыой ауданында 20 жалпы орта білім беретін мектеп жұмыс істейді. Мұндағы оқушылар саны 18220. Ауданның білім беру саласында барлығы 1704 мұғалім жұмыс жасайды. Осы оқу жылында 47 маман жұмысқа орналасқан.

- Мектептен тыс 4 мекеме жұмыс жасайды. Қосымша біліммен 5226 оқушы  қамтылған.  Қосымша біліммен қамтуды көбейту мақсатында  «Үміт» жеке меншік орталығы ашылып, 161 баланы қамтыды. Ал, мектептер 100 пайыз интернет жүйесіне қосылған, деді Х.Жамалов.

Сондай-ақ аудан әкімі балабақшалардың жағдайын да айтып өтті. Оның айтуынша, ауданда 24 балабақша бар, оның үшеуі жеке меншік. Мұнда 4486 бала тәрбиеленуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT