Жылыой ауданында 1 сәуір - күлкі күні қарсаңында «Jylyoi Cup» жобасы басталды.
Маусымашар ойындары Жылыой ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізілуде. Әзілкештердің сайысына барлығы 7 команда қатысты. Ойын шымылдығын аудан әкімі Жұмабек Қаражанов ашып берді. Ойын басталысымен өздерінің ұтқыр әзілдерімен, тапқырлықтарымен және әртістік өнерлерімен көрерменді қуанышқа бөлеген әзілкештер бірінен-бірі кем түспеді. Екі сағатқа жуық уақыт бойы аудан тұрғындарына әдемі әзіл сыйлаған шарада жастар белсенділік танытты. Барлық команда 1/8 ойынға жолдама алды.
Бүгінгі ойында белсенділік танытып, әдемі әзілімен көзге түсіп, көптің көңілінен шыққан жылыойлық «Мөр-мөр» командасы 1 сәуір - күлкі күніне арналған ынталандыру кубогін иеленді. Сондай-ақ, «Үздік ойыншы» атағына «Бәйтерек» командасының ойыншысы Даулетбек Санақов ие болды.
Кезекті маусымашар ойыны мамыр айында өтеді.