Жылыой ауданында каратин режимі 18 маусымға дейін ұзартылды

Жылыой ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері ҚАУЛЫСЫ

04.06.2020 жылғы №66 ПГВР

Жылыой ауданында карантиндік режимді ұзарту туралы

Мен, Жылыой ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Хабибуллин Талғат Әділбекұлы Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 21-бабы 13-тармағының 4-тармақшасына және 148-бабының 1-тармағына және Атырау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы №44-ПГВР «Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу бойынша шаралары туралы» қаулысы, Жылыой аумағындағы спорадиялық жағдайлардың тіркелуі және аурушаңдықтың өсу деңгейін ескере отырып, коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Жылыой ауданында эпидемиологиялық ахуал толықтай тұрақтанғанға дейін карантин режимі 2020 жылдың 18 маусым сағат 7:00-ге дейін созылсын;

1. Жылыой ауданы әкімдігіне:

1) Жылыой ауданы тұрғындары мен көлік құралдарының қозғалысына тұрғылықты жерінде:

- тамақ өнімдерін, қажетті заттарды, дәрі-дәрмектерді және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу (автокөлік салонында адамдар саны 2 адамнан аспауы тиіс және кәмелетке толмағандар болмауы тиіс); - жұмысқа бару (анықтама негізінде);

- медициналық көмекке жүгіну (автокөлік салонында адамдар саны 2 адамнан аспауы тиіс. Кәмелет жасқа толмағандарды міндетті түрде 1 ересек адамның сүйемелдеуі).

-аудан әкімдігі, құқық қорғау органдары, жедел және шұғыл медициналық көмек, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, өрт сөндіру, апаттық-құтқару және төтенше жағдайлар қызметкерлерін қоспағанда тыйым салынсын.

2) Қала, кент және ауылдық округтері арасында ресми және бейресми (тіркелмеген) жеке тасымалдаушылармен жолаушылар тасымалына көлік ішінде 2 адамнан артық емес жағдайда сағат 06.00 ден 21.00-ге дейін уақытта рұқсат етіледі.

3) Қалаішілік, кент және ауылдық округтері арасындағы автобустар қозғалысы уақытша тоқтатылады.

4) Аудан бойынша супермаркет, азық-түлік дүкендері, жанар-жағармай бекеттеріндегі сауда нүктелері, дәріханалар және қажетті тауарларды сату жұмысы кешкі сағат 20.30-ден таңғы сағат 09:00-ге дейін тоқтатылсын, оның ішінде дәріханаларға «тапсырыс берушілерге жеткізу» қағидаты бойынша рұқсат берілсін;

5) Азық-түлік көтерме сауда базары, Қ.Қашаған, Бекбаулиев көшелері бойында, Беркад базары айналасында барлық сауда нысандары санитариялық- дезинфекциялық режимін аса сақтай отырып, «тапсырыс берушілерге жеткізу» қағидасы бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырылсын.

6) 18 жасқа дейін және 65 жастан асқан аудан тұрғындары аса бір қажеттілік болмаған жағдайда үйлері мен пәтерлерінен далаға шықпасын;

7) Тұрғындар тұрғылықты жерінен тыс жерде жүрген кезде бетперде тағып жүрсін, бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалансын және қолды өңдеуге арналған антисептиктерінің болуын қамтамасыз етсін;

8) Балалармен серуендеуді тұрғылықты жерінен 100 метрден аспайтын және ұзақтығы 30 минуттан аспайтын радиуста жүзеге асырсын;

9) Саябақтар, аллеялар, көше балалар ойыны және кіші аяқ доп алаңдары жұмысы тоқтатылсын.

10) Діни нысандардың (мешіттердің), халыққа қызмет көрсету орталығы (ЦОН), азық-түлікке жатпайтын сауда орындарының жеке тұратын азық-түлік емес дүкендердің, автокөлік бөлшектерін сататын салондарының, гүл павильондарының, фотоателье, фотосалондардың, ломбардтардың, микроқаржылық орындар, тігін ательесі, аяқ киім жөндеу шеберханалары, тұрмыстық және оргтехника жөндеу орындары, жылжымайтын мүлік агенттіктердің, көлік жуу орындарының, техникалық қызмет көрсету станциялары, моншалар, сауналар, спорт кешендері, сұлулық салондары, массаж кабинеттері, тырнақ шеберханалары, шаштараздар, компьютерлік клубтар, жабық балалар ойын алаңдары, көрмелер осыған ұқсас қызмет көрсету нысандары қызметі тоқтатылсын;

11) Мейрамханалар, кафелер, барлар, асханалар басқа да қоғамдық тамақтану обьектілер жұмысына 10.00-ден бастап 20.00-ге дейін «тапсырыс берушілерге жеткізу» қағидасы бойынша рұқсат берілсін. Салтанатты шағын отбасылық мереке, шағын туған күн кештерін тойлау үшін тойхана иелеріне тұрғындардан тапсырыстар қабылдауға қатаң тыйым салынсын;

12) Шектеу жағдайы кезінде күндізгі және түңгі уақытта салтанатты отбасылық мерекелерді (қонақ күту және бару,туған күн, үйлену тойлары, келін түсіру, құдалық және т.б. 3 адамнан артық қонақтар жиналған кезде), еске алу шараларын өткізуге тыйым салынсын;

13) Меншік түріне қарамастан мектепке дейін білім беретін мекемелердің қызметі тоқтатылсын;

14) Екінші деңгейлік банк филиалдары, пошта байланыс қызметі және жеке нотариустар жұмыс уақыты 09.00-ден 17.00-ге дейін кезекпен қабылдауды ұйымдастыру кезінде банкоматтар мен кассаларда және сату – сатып алу алаңдарында 3 адамды ғана обьектіге кіргізуге және кезекке тұрған кезде 2 метр әлеуметтік дистанциялық ара қашықтықты сақтауды және санитариялық – дезинфекциялық шаралардың өткізілуін қамтамасыз етсін;

14.1. Екінші деңгейлік банктер және «Қазпошта» АҚ филиалы тұрғындарды жұмыс сағатында үздіксіз қолма – қол ақшамен, оның ішінде банкоматтарды қолма – қол ақшамен толтырып отыруды және жұмысын үздіксіз қамтамасыз етсін;

15) Халықтың жаппай жиналатын орындарын, оның ішінде жаяу серуендеуге жиі баратын орындарды (көшелерді) саябақтарды, скверлерді, алаңдарды, балалардың ойын алаңдарын және азаматтардың өзге де демалыс орындарының жабылуын қамтамасыз етсін;

16) Меншік нысанына қарамастан мекемелер мен ұйымдарға жұмыс уақытын немесе жұмыс аптасын қысқартуды ұсынсын;

17) Қоғамдық жаяу жүргіншілер өткелдерін, тротуарларды, саябақтарды,скверлерді, алаңдарды,аула алаңдарын, сауда орындарын, темір жол және автотұрақтарға іргелес аумақтарды, базарлар аумақтарын жуу құралдарын қолдана отырып, дезинфекциялық өңдеуді күшейтсін;

18) Кәсіпкерлік субьектілерінің тиісті аумағында шектеу іс-шараларының сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін;

19) Тұрғындар арасында COVID-19 таралуын болдырмау үшін енгізілген шектеу шараларын сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілсін;

20) Жеке және заңды тұлғаларға арналған шектеулер туралы жадынамаларды баршаға көрінетіндей хабарлама тақталарына, LED экрандарына және басқа да осыған ұқсас жерлерге орналастырсын; 

21) Кіреберістерде, тұрақтарда профилактикалық дезинфекция және ылғалды тазалауды күніне кеміне 2 рет жүргізілуін қамтамасыз етсін;

2. Ауылдық округ, кент әкімдеріне:

1) Халықтың жаппай жиналатын орындарын, оның ішінде жаяу серуендеуге жиі баратын орындарды (көшелерді) саябақтарды, скверлерді, алаңдарды, балалардың ойын алаңдарын және азаматтардың өзге де демалыс орындарының жабылуын қамтамасыз етсін;

2) Меншік нысанына қарамастан мекемелер мен ұйымдарға жұмыс уақытын немесе жұмыс аптасын қысқартуды ұсынсын;

3) Қоғамдық жаяу жүргіншілер өткелдерін, тротуарларды, саябақтарды,скверлерді, алаңдарды,аула алаңдарын, сауда орындарын, темір жол және автотұрақтарға іргелес аумақтарды, базарлар аумақтарын жуу құралдарын қолдана отырып, дезинфекциялық өңдеуді күшейтсін;

4) Кәсіпкерлік субьектілерінің тиісті аумағында шектеу іс-шараларының сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін;

5) Тұрғындар арасында COVID-19 таралуын болдырмау үшін енгізілген карантиндік және шектеу шараларын сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілсін;

6) Жеке және заңды тұлғаларға арналған шектеулер туралы жадынамаларды баршаға көрінетіндей хабарлама тақталарына, LED экрандарына және басқа да осыған ұқсас жерлерге орналастырсын;

7) Кіреберістерде, тұрақтарда профилактикалық дезинфекция және ылғалды тазалауды күніне кеміне 2 рет жүргізілуін қамтамасыз етсін;

3. Құлсары стансасы мен теміржол вокзалының басшыларына:

Құлсары станциясының вокзалы арқылы темір жол көлігіне жолаушыларды отырғызуға және темір жол көлігінен түсіруге тыйым салынады мыналарды қоспағанда:

1) Теміржол көлігінде сырқаттанған адамға шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болғанда;

2) Азаматтардың жарияланған карантиндегі аймақтар/аудандардың территориясына кіруі мен шығуы медициналық көрсетілімдері негізіндегі екіден көп емес адамның ілесуімен келуі төмендегі құжаттар болған жағдайда рұқсат етіледі: -аумақтық амбулаторлық – поликлиникалық мекеменің диагноз бен емдеудің жедел өткізілу қажеттілігін растайтын дәрігерлік –кеңесшілік комиссияның Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылдың 23 қарашасындағы «Денсаулық сақтау мекемелерінің алғашқы медициналық құжаттама үлгілерін бекіту туралы» №907 бұйрығымен бекітілген 035-1/у үлгісіне сәйкес қорытындысы. - карантиндік аймақта орналасқан медициналық мекеменің бірінші басшысының қолы қойылып, елтаңбалы мөрі бар диагнозбен жеделділікті дәлелдейтін шақыру хаты;

4. Жылыой аудандық полиция бөлімі бастығына:

1) Жылыой ауданының карантиндік аймағының ішіндегі бақылау - өткізу пункттерінде (блок-пост) санитарлық бақылауды ұйымдастыру және Атырау қаласынан және көршілес аудандардан Құлсары вокзалы арқылы темір жол көлігіне жолаушыларды отырғызуға жол бермеуді қатаң бақылауға алу.

2) Шектеу шараларының бұзушылықтары анықталған кезде, өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бойынша дереу шаралар қабылдауды, сондай-ақ профилактикалық мақсаттарда осы фактілерді бұқаралық ақпарат құралдарына кеңінен жариялауды қамтамасыз етсін;

3) Азаматтардың қоғамдық орындарда, саябақтарда, алаңдарда болуына жол бермеу мақсатында оларды күзету жөніндегі шаралар күшейтілсін;

4) Отбасы мүшелерін қоспағанда 3 адамнан асатын топтардағы адамдардың қозғалысына, көпшілік адам жиналатын жерлерге, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ата – анасының сүйемелдеуінсіз көшеде жүруіне тосқауыл қойылсын;

5) Сыбыстар мен арандатушылық ақпараттардың жолын кесу жөніндегі жұмыстарды ерекше бақылауға алуға, фактілер анықталған жағдайда кінәлілерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапқа тарту үшін дереу шаралар қабылдау және қауесет пен арандатушылық ақпаратты одан әрі таратуды тоқтату;

6) Азаматтардың көше бойымен жүруі құқығынсыз үйдегі карантиндік режимін сақтауын бақылау;

7) Аудандық жедел штабтың тиісті мүшелерімен бірлесіп, рейдтік шаралар ұйымдастырсын. Кент ішінде әрбір секторға қызметкерлерді бөліп, қадағалауды күшейтсін;

5. Жылыой аудандық орталық аурухана директорына:

1) Стационарға жатқызылған және берілістерді қабылдайтын науқастарға баруға тыйым салуға;

2) Медициналық ұйымдарда науқастарды жоспарлы түрде госпитализациялауды шектеуді;

3) Денсаулық сақтау ұйымдарында санитарлық дезинфекция және эпидемияға қарсы режимін қатаң сақталуын қамтамасыз етуге;

4) Медициналық персоналдардың іс-әрекеттерін қарау, тасымалдау, ошақтарда жұмыс істеу, ауруханаға жатқызу, емдеу және науқастарды күтуге байланысты персоналдарды жоғарғы дәрежеде қорғаныш құралдарымен тиісті деңгейде қамтамасыз етсін;

5) Қашықтықтан қызмет көрсету форматында алғашқы медициналық санитариялық көмек ұйымдарының дәрігерлерді қабылдауын, сондай-ақ онлайн режимінде немесе рецептерді үйіне жеткізу қамтамасыз етілсін;

7) Жедел респираторлық вирустық инфекциямен және жоғары температурамен түскен пациенттерді бөлек қабылдауды қамтамасыз етсін;

8) Карантиндік стационарда персоналдың қорғану шараларын сақтауды қамтамасыз етсін.

9) Пайдаланылған жеке қорғаныш құралдарын жинақтауды және жоюды орталықтандырсын;

5. Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектерді, қоғамдық тамақтануды сату объектілері бар ұйымдар, кәсіпкерлік субъектілері, үкіметтік емес ұйымдар:

1) Әр 2-3 сағат сайын дезинфекциялық және жуғыш заттарды қолдана отырып, ылғалды тазалау жүргізу;

2) Ғимараттардағы жабдықтау мен ауа сору-сыртқа тарату желдеткіштің жұмысын тексеру және тазалау;

3) Жұмысшылар мен келушілердің байланыссыз термометриялық және тыныс алу органдарының аурулары белгілерінің болуын тексеруді қамтамасыз етсін;

4) Сатушылар мен басқа жұмысшылардың келушілермен, әр 3 сағат сайын ауыстырып тұратын қорғаныш бетперделермен, резинке қолғаптармен жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;

5) Жеміс – жидек және көкөніс дақылдарын қоспағанда, азық – түлік тағамдарын қапталған және қорапталған күйде сату;

6) Келушілерді нысандарға тек медициналық бетпердемен кіргізуге рұқсат берсін. Бетпердесіз келген тұтынушыны бетпердемен қамтамасыз етсін;

7) Дүкендерде, супермаркеттерде және сауда үйлерінде барлық кассалардың алдында сатып алушылардың қозғалысын 2 метрден кем емес шектеу және қашықтықты сақтау үшін өткелдерде таңбаларды орналастыруды қамтамасыз ету,кезектер жасау кезінде нысандарды үй жайларына өткізу қабілетін ескере отырып, кезекпен адамдарды кіргізуді қамтамасыз етсін;

8) Кезек орындарында жоғарыда аталған тәртіпті ұйымдастыруды қамтамасыз ете отырып, азық-түлік дүкендеріне кірер алдында кезекте қашықтықты сақтау туралы ақпараттық тақта жасалсын;

9) Шаруашылық субьектілеріне азық – түлік пен қажетті тауарларды үйде жеткізуді ұйымдастыру мен тауарларды ғаламтор арқылы сату үшін интернет- ресурстарды барынша пайдалануды ұсыну;

6. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, ішкі саясат бөлімі басшыларына, округ, кент әкімдерімен бірлесіп:

1) Коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша аудан аумағында шектеу іс-шаралары режимін сақтау жөніндегі жадынамалар, хабарландырулар, инфографикалар бейнероликтер мен жүгіртпе жолдарды т.б. тарату арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, әлеуметтік желілер арқылы таратуды қамтамасыз етсін;

7. Ауданның тыныс тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар басшыларына, Жылыой аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысына(электрмен, жылумен,сумен жабдықтау және басқалар) округ, кент әкімдеріне:

1) Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, аудандық шаруашылық ауыз су құбырларында ауыз суды залалсыздандыру жөніндегі іс шараларды күшейтсін;

2) Су құбырымен кәріз желілеріндегі апаттарды уақытында жоюды және кейіннен жүргізілген іс шараларды, оның ішінде зертханалық жұмысты қамтамасыз етсін;

3) Қызметкерлерді жеке қорғау құралдарымен (қорғаныш бетперделермен, қорғаныш көзілдіріктермен және резеңке қолғаптармен) қамтамасыз ету, құрылымдық бөлімшелер шегінде қызметкерлердің қозғалысын шектеу, олардың бір-бірімен жақын қарым-қатынасын болдырмасын;

4) Жалпы пайдалану орындарында дезинфекциялық режимді күшейтсін;

5) Негізгі технологиялық процесске байланысты емес қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс нысанасына ауыстырсын;

8. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың кәсіпкерлік субьектілерінің үкіметтік емес ұйымдардың басшыларына:

1) Мәдени–бұқаралық, спорттық, діни және басқа да мерекелік іс-шаралар өткізуге тыйым салынсын;

2) Ұйымдар мен кәсіпорындар қызметкерлерінің ауданнан тыс жерлерге баруға тыйым салынсын;

3) Халық арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша үй карантинін сақтауға және ауру белгілері пайда болған жағдайда медициналық көмекке уақытылы қарау қажеттілігіне баса назар аудара отырып, санитарлық ағарту жұмыстарын күшейтсін;

9. Аудандық «Қазпошта» байланыс торабы басшысына:

1) Тұрғындарға қызмет көрсететін қызметкерлердің бір рет қолданылатын қолғаптар мен бетпердемен қызмет көрсетілуін, пошта, хат – хабарлармен байланысты жұмыстарды жеке қорғаныш құралдарымен (халат, маска, қолғаптар) жүргізуді қамтамасыз етсін;

10. Осы қаулы барлық мүдделі ведомостваларға жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін; Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар орындауы үшін міндетті.

11. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

12. Осы ҚАУЛЫ қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Жылыой ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Т. Хабибуллин

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521