Жылыой ауданында сайлау комиссиясының мүшелері мүмкіндігі шектеулі және денсаулық жағдайына байланысты референдум учаскесіне келе алмайтын азаматтардың үйіне барып, дауыс беруге жағдай жасады.
Болашақ ықшам ауданының тұрғыны Бауыржан Жасақбаев су тасқыны кезінде үйінен айырылып, қазіргі таңда жаңадан бой көтерген баспанада тұрып жатыр. Денсаулық жағдайына байланысты учаскеге келе алмағандықтан, сайлау комиссиясының мүшелері оның үйіне барып, референдумда өз таңдауын жасауына мүмкіндік берді.