Жылыой ауданында Елбасы Жолдауы талқыланды

"Кең Жылыой" мәдениет үйінде облыс әкімдігі жанынан құрылған арнайы ақпараттық топ Елбасының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бағытында жиналыс өткізді.

Оған аудан әкімдігі, дербес бөлім басшылары және тұрғындар қатысты. Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Қахарман Бағынов ашып, жүргізіп отырды.

- Үстіміздегі жылдың 5 қазан күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі жаңа Жолдауын «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Бұл ауқымды Жолдауда ел дамуының маңызды жоспарлары белгіленді. Аталған тарихи құжат халықтың зор қолдауына ие болып отыр,-деді Қахарман Дәренұлы.

Ақпараттық-насихаттық топ жетекшісі Роза Қабдулова Елбасы тапсырмасына орай, облыс көлемінде білім саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап өтті. Топ мүшелері Қуантай Қожантаев, Олжас Сүлейменов, Айжан Аралбековалар Жолдауда жүктелген міндеттер туралы айтып, жүзеге асу тетіктері туралы түсіндіріп өтті. Жиналыста аудандық мәслихат депутаты Мариям Бегайсова, Жылыой Дарын лицейі директорының міндетін атқарушы Сәкен Талдахметовтар өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Облыстық ақпараттық топ сонымен қатар Жылыой мұнай және газ колледжі ұжымымен және студенттерімен кездесті.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521