Жылыой ауданында 4 жаңа қоғамдық кеңістік пайдалануға берілді

Жылыой ауданында «Qogamdyq keńistikter» жобасы аясында төрт жаңа қоғамдық кеңістік ашылып, тұрғындардың игілігіне ұсынылды.

Майкөмген ауылында – «Өнер ордасы» сахнасы мен «Біздің балабақша ауласы» балалар ойын алаңы,
Тұрғызба ауылында – «Әмина» балалар ойын алаңы,
Қосшағыл ауылында – «Шапағат» аллеясы пайдалануға берілді.


Аталған жоба «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен және жергілікті тұрғындардың белсенді қатысуымен жүзеге асып келеді.

Биылдың өзінде Жылыой ауданында барлығы 16 қоғамдық кеңістік ел игілігіне табысталмақ. 2020 жылдан бері аудан аумағында 100-ге жуық кеңістік ашылып, халықтың демалысы мен бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беріп отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT