Алдымен облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі облыстық кеңес отырысына өтті. Жиынға кеңес мүшелері, Атырау қаласы және аудан әкімдерінің орынбасарлары, қалалық және аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қатысты.
Кеңес отырысында «Жылыой ауданы бойынша азаматтық қоғамның дамуы», «Өңірде тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың «ҮЕҰ дерекқорына» өз есептерін тапсыруы», «Тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті дамыту бағытында үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл туралы», «Қоршаған ортаны қорғау және туризмді дамыту бағытындағы әлеуметтік маңызды жобаларға талдау жүргізу» жөнінде баяндамалар жасалып, талқыланды.
Жиыннан соң кеңес мүшелері Жылыой ауданында жүзеге асырылып жатқан бірқатар әлеуметтік жобалармен танысты. Сондай-ақ, Құлсары қаласында орналасқан дарынды балаларға арналған лицейдің тыныс-тіршілігімен және Қосшағыл ауылындағы мектептің құрылыс жұмысымен танысты.