Жылыой ауданы Жем ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы

Жылыой ауданы Жем ауылдық округі әкімін

сайлау бойынша сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабының 2-тармағына сәйкес Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жылыой ауданы Жем ауылдық округі шекарасында Жем ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылсын.

2. Сайлау округі тізімі мен шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіліп жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

Төрағаның орынбасары А. Ашыгалиева

Хатшы Г. Станова

 

Құлсары қаласы

07.08.2024 ж.

№2

 

 

Жылыой ауданы Жем ауылдық округі

әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағы 1) тармақшасы және 2-тармағына сәйкес Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2024 жылғы 15 қыркүйекке Жылыой ауданы Жем ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.

2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылғы 15 қыркүйегіне тағайындалған Жылыой ауданы Жем ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.

3. Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

Төрағаның орынбасары А. Ашыгалиева

Хатшы Г. Станова

 

 

Құлсары қаласы

07.08.2024 ж.

№3

 

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Орналасқан орны: Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы 20, Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі ғимараты, e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript. Телефон: 8 (71237) 5-11-99

Комиссия төрағасы - Калмуханова Зауре Тукпатуллаевна Төраға орынбасары - Ашыгалиева Ардак Сабыровна Комиссия хатшысы - Станова Гульжан Кереевна Комиссия мүшелері - Бағытова Маржан Саматқызы - Мендикулова Кайырлы - Серикова Зульфия Сериковна - Бертлеуов Жанибек Нурсултанович №106 учаскелік сайлау комиссиясы Комиссия төрағасы - Коспакова Маншук Зинадиновна Төраға орынбасары - Балмашева Жанат Рамазановна Комиссия хатшысы - Жумашева Гулжан Сериковна Комиссия мүшелері - Абубакирова Ботакоз Есенкелдиевна - Төлепов Ералхан Қосмұханұлы - Кумискалиева Ляйля Тулеповна - Мукатова Ляззат Енсегеновна - Хамзина Айзада Жұмабергенқызы - Хабдрахманова Ажархан

 

 

САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ

№106 сайлау учаскесі

Орналасқан орны: Жылыой ауданы, Жем ауылдық округі, Тұрғызба ауылы, Бөкен би көшесі, №409 ғимарат, «№4 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Телефон: 8/71237/2-92-70 ​

Шекаралары: Тұрғызба ауылы, Қойсары, Қараша елді мекендері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT