Бүгін Жылыой ауданы әкімінің міндетін атқарушының өкімімен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының лауазымына Жанар Қазиева тағайындалды.
Қазиева Жанар Орынбасарқызы 1967 жылы 26 қаңтарда Атырау облысы Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
1989 жылы Атырау педагогикалық институтын биология қосымша химия мамандығы бойынша бітірген. Алғаш еңбек жолын 1989 жылы Құлсары қаласындағы Ю.Гагарин атындағы орта білім беретін мектепте химия және биология пәнінің мұғалімі болып бастаған.
1993-1998 жылдары №19 орта білім беретін мектептің Оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары болған.
1998-2010 жылдар аралығында №15 орта білім беретін мектептің Тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасары, мектеп директоры лауазымдарын атқарған.
2010-2012 жылдары Жылыой ауданы білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, бөлім басшысының орынбасары болып қызмет жасаған.
2013-2019 жылдар ішінде Жылыой ауданы білім бөлімі басшысының орынбасары, бөлім басшысы қызметін атқарған.
2019 жылдың сәуір айынан күні бүгінге дейін Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келді.
Жылыой ауданы бойынша әкімшілік мемлекеттік бос лауазымға орналасу үшін үміткерлерді іріктеп алу жөніндегі біріңғай конкурстық комиссиясының қорытынды мәжілісінің 2023 жылғы 11 қыркүйектегі №31 хаттамасына сәйкес, Жылыой ауданы әкімінің міндетін атқарушының өкімімен Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып тағайындалды.