Аудан әкімінің өкімімен аудан әкімінің орынбасары лауазымына Аманжол Айдашев тағайындалды,деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Айдашев Аманжол Бағытұлы 1982жылы Атырау облысы, Махамбет ауданы Сарайшық ауылында дүниеге келген.
Аманжол Бағытұлы Атырау инженерлік-гуманитарлық институты – экономика мамандығы бойынша аяқтап, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы – мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі дәрежесін алған.
2011 жыл - Атырау мұнай және газ институтын - құрылыс мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004-2005 жылдары Атырау облысы ішкі саясат басқармасының саяси партиялармен және діни бірлестіктермен жұмыс жасау бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған.
2007-2009 жылдары Атырау облысы Құрылыс департаментінің құрылыс және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бастығы, лауазымдарында қызмет жасаған.
2011-2012 жылда басшының орынбасары, Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызметін атқарған.
2020-2021 жылдары, "Астана Innovations" акционерлік қоғамында бас экономист қызметін атқарған.
2021-2025 жылдары "Нұр-Сұлтан қаласын дамыту жобаларын сараптау және үйлестіру орталығы" ЖШС-нің бас директоры лауазымында болған.