Жылыой ауданы әкімі Ж. Қаражановтың құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ел бірлігі, достық пен бауырмалдық, бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық. Халқымыздың «Ырыс алды – ынтымақ» деген қанатты сөзінің астарында үлкен мән бар. Еліміздегі бекем бірлік - біздің баға жетпес байлығымыз болып табылады.

Береке-бірлігі мен татулығы жарасқан елдің алмайтын асуы жоқ. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерде қашанда нәтижелі істер жүзеге асатыны белгілі.

Құрметті жылыойлықтар!

Өңірімізде су тасқынының салдарынан күрделі жағдай орын алғаны белгілі. Президент өз тарапынан халыққа барынша көмек көрсетілетінін айтты. Зардап шеккендердің әрқайсысы Мемлекет тарапынан берілетін көмектен қалыс қалмайды!

Құтқарушылар, төтенше жағдай мамандары, коммуналдық қызметтер, күштік құрылымдар, еріктілер және тұрғындарымыз күн демей, түн демей су тасқыны кезеңінде тілсіз жаудың қаупін сейілтіп, күресіп келді. Осынау қиын кезеңде қолдау көрсеткен әрбір жанға шынайы ризашылығымды білдіремін!

Бейбіт күннің мерекесі – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтай отырып, Егемендігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Мемлекеттігіміз мәңгі, Еліміздің келешегі жарқын болсын деген ортақ тілегімді білдіремін.

Жұмабек Қаражанов,

аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521