Жылыой ауданы әкімдігінің түсіндірмесі

Ақпарат дамыған, ғаламдық өркендеудің қазіргі сатысында аталған дүниелер өскелең ұрпаққа кері әсерін тигізетіні сөзсіз.

«Zhanbolat Mamay» Фейсбук парақшасында 2020 жылғы 17 қарашада Жылыой ауданы білім бөлімінің хатына сәйкес жарияланған жарияланым бойынша Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі төмендегіні мәлімдейді:

Орын алған факті бойынша Жылыой ауданы әкімінің төрағалығымен аудан әкімінің орынбасарлары және дербес бөлім басшыларының қатысуымен жиналыс өткізілді.

Соңғы кездері әлеуметтік желілерде жарияланған әртүрлі бағыттағы посттарға жазбалар қалдырып жүргендер арасында ел тізгінін ұстайтын азаматтарға білім беріп жүрген мұғалімдеріміз де кездеседі.

Ақпарат дамыған, ғаламдық өркендеудің қазіргі сатысында дәл осы аталған дүниелер өскелең ұрпаққа кері әсерін тигізетіні сөзсіз.

Себебі әрбір оқушы өзінің оқытушысының әлеуметтік желідегі парақшасына тіркелген және оқытушылардың кез-келген жазбалары қолжетімді болып табылады.

Бұл жерде мәселе ұстаздардың мәртебелерін түсіру немесе сөз бостандығына шектеу қою емес. Ұстаздарымыз «ұлағатты ұстаз» атағын жоғары деңгейде ұстап, ұрпаққа әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды жарнамаламай, ресми деректерді ұсынғаны жөн.

Жылыой ауданы әкімдігімен аудандық білім бөліміне қызметкерлердің әлеуметтік парақшаларына мониторинг жүргізу жөніндегі хат жәй ұсыныс сипатында жолданды және бұл жерде әлеуметтік желілерге тіркелген басқа да тұлғалардың құқықтарын шектеу немесе қызметкерлер арасында жағымсыз кейіпкер ретінде таныту мақсат емес екендігін айта кеткен жөн.

Дегенмен, мемлекеттік органдар арасында ақпараттық хат алмасу процесінде жіберілген кемшіліктері үшін, яғни ресми хаттарда өз бастамасы негізінде жеке тұлғалардың аты-жөндерін жариялау фактісіне жол бергені үшін білім бөлімі басшысының міндетін атқарушыға «қатаң сөгіс» және аудан әкімінің әлеуметтік салаға жауап беретін орынбасарына қадағаламағаны үшін «сөгіс» түріндегі тәртіптік шара қолданылды.

Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521