Жылыой ауданы әкімдігінің түсіндірмесі

ken-zhyloi.kz

«Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 87-тармағына сәйкес, Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің «№22 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысын бос лауазымына орналастыру жөніндегі конкурстық комиссияға ұсынылған кандидат Кенжегалиева Райгул Алдановнаның барлық құжаттары талапқа сай жинақталды.

Жарияланған конкурсқа Р.Кенжегалиевадан басқа тұлғалар кандидат ретінде құжаттарын тапсырмаған. Р.Кенжегалиеваны Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон кентінде орналасқан №22 жалпы орта білім беретін директорына тағайындау туралы бұйрықпен мектеп ұжымымен 04 наурыз 2021 жылы Жылыой ауданы білм бөлімі басшысы А.Қақпанбаева, білім бөлімі басшысының орынбасары Г.Таңатарова, Жаңа Қаратон кентінің әкімі С.Баймұратовтың қатысуымен таныстырылды. Мектеп ұжымы арасынан кейбір қызметкерлердің қарсылық пікір білдіріп, өз пікірлерін айтты.

Жылыой ауданы білім бөлімі басшысы А.Қақпанбаева, білім бөлімі басшысының орынбасары Г.Таңатарова мектеп ұжымына Директордың тағайындау тәртібін, мектеп ұжымы ішіндегі психологиялық ахуалды және жаңа басшымен мектеп ұжымы мектептің әкімшілігімен бірге бірлесе жұмыс жасау қажеттігі жөнінде түсіндірмелер жүргізді.

7-кезеңнен өтіп, №22 жалпы орта білім беретін мектептің директоры ретінде 2021 жылғы 3 наурыздағы №67 бұйрығымен тағайындалды:

1-кезең БАҚ құралдарына жариялау: Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон кентінде орналасқан №22 жалпы орта білім беретін мектептің директорына конкурс 2021 жылдың 21 қаңтарында «Құлсары» газетіне жарияланды;

2-кезең кандидаттардың құжаттары Жылыой аудандық білім бөлімімен 22 қаңтар 2021 жылы қабылданды;

3- кезең кандидатың біліктілігін бағалау жұмыстары Жылыой аудандық білім бөлімімен 3 ақпан 2021 жылғы №1 Хаттамаға сәйкес бағаланды;

4- кезең Кандидаттардың тестілеуден өту туралы 26 наурыз 2020 жылғы Анықтама;

5- кезең Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон кентінде орналасқан №22 жалпы орта білім беретін мектеттің Қамқоршылық кеңесіне 4 ақпан 2021 жылы №04-04-05/315 хатпен жолданып, Қамқоршылық кеңесінің келісім беру туралы 05 ақпан 2021 жылғы №5 Шешімі келіп түсті;

6- кезең Атырау облыстық Білім беру басқармасынан кандидаттың әңгімелесуден өткені туралы 26 ақпандағы 2021 жылғы №15-2-4/682 келісім туралы хаты;

7- кезең кандидаттың Жылыой аудандық білім бөлімі жанынан құрылған комиссияның 03 наурыз 2021 жылғы №5 Хаттамасына сәйкес Жылыой аудандық білім бөлімі басшысының 03 наурыз 2021 жылғы №67 «Тағайындау туралы» бұйрығы.

Аталған мекемеге үміткер ретінде Кенжегалиева Райгул Алдановна құжаттарын тапсырды (Р.Кенжегалиева осы уақытқа дейін Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон кентінде орналасқан №23 жалпы орта білім беретін мектептің оқу тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарған). 04 наурыз 2021 жылы Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон кентінде орналасқан №22 жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімдерінің наразылығы (№22 жалпы орта білім беретін мектептің директор лауазымына осы мектеп ұжымының мүшесін тағайындауды талап етуде) бойынша 31 каналдың тілшісі Ж.Молдашеваны шақыртқан, орын алған жағдай бойынша Жылыой ауданы білім бөлімінің басшысы Қақпанбаева Айбарша Мелсқызы сұқбатын берді.

Жалпы ақпарат: 2019 жылдың 25 қарашасынан бастап №22 жалпы орта білім беретін мектеп директорының орны бос болды. №22 жалпы орта білім беретін мектеп Жаңа Қаратон кентінде орналасқан, 2 қатарлы, 1999 жылы 400 орындық, 2000 жылы бастауыш сыныптарға арналған жалғама құрылысымен қоса барлығы 720 орындық, 80 мұғалім қызмет атқарады, 881 оқушы білім алуда.

Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521