Жылыой ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Ол Қосшағыл ауылында дүниеге келген

Жылыой ауданы әкімінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі N19-к өкімімен Қондыбаев Нұрлан Жаңабайұлы Жылыой ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. ⠀

Қондыбаев Нұрлан Жаңабайұлы - 28 қазан 1966 жылы Атырау облысы Жылыой ауданы Қосшағыл ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.

⠀ 2003 жылы Қ.Сәтпаев атындағы Ұлттық техникалық университетін Технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру, инженер - жүйетехник мамандығы бойынша бітірген. ⠀

Алғаш еңбек жолын 2004 жылы "Орлан" ЖШС-і директорының орынбасары лауазымынан бастаған. ⠀

2008 - 2011 жылдары "Орлан" ЖШС-нің директоры қызметін атқарған. ⠀

2011 - 2012 жылдары Жылыой ауданы әкімінің орынбасары; ⠀

2012 жылдан бастап күні бүгінге дейін "Орлан" ЖШС-нің директоры қызметін атқарып келді. ⠀

Отбасылы.

Жылыой ауданы әкімдігі баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521