Жылыой ауданының жергілікті атқарушы органдарында штат бойынша 107, нақты 103 мемлекеттік қызметші қызмет атқарады, 4 бос орын бар.
Аудан бойынша 2023 жылы 19 мемлекеттік лауазымға конкурс жарияланды, оның ішінде 11 ішкі конкурс, 18 жалпы конкурс жарияланды.
Өткізілген конкурстық іріктеуге сәйкес 19 адам жергілікті атқарушы органдардың әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына конкурс арқылы тағайындалса, 2 адам ауысу тәртібі бойынша, 5 адам сайлану жолымен, 1 адам конкурстан тыс тағайындалды.
Өткен жылы 97 мемлекеттік қызметші біліктілік арттыру семинарларынан, 9 мемлекеттік қызметші қайта даярлау курстарынан өтті.
Гендерлік құрам бойынша 34 (33,1%) ер, 69 (66,9 %) әйел қызмет атқарады. Қызметшілердің 10-ы арнаулы орта білімді, 93 жоғары білімді, 15 қызметкердің 2 және одан да көп жоғары білімі бар, 6 қызметкерде магистр дәрежесі бар, оның 4-уі ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясын тәмамдаған.
Жылыой ауданы әкімі аппаратының кадр қызметі бөлімі