Жылыой ауданы аумағында қосымша шектеу іс-шараларының, оның ішінде халықтың өмірі мен (немесе) өзге де қызметіне тұрмыстық ерекше жағдайын енгізу туралы ҚАУЛЫ

10 сәуір, 2020 жыл

Құлсары қаласы

Мен Жылыой ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Хабибуллин Талгат Адельбекович «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 13 –тармағының 4 тармақшасына және148 бабының 1-тармағына,Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше комиссия режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 26 наурыздағы №6 шешіміне,ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 01 сәуір 2020 жылғы №30 «ҚР –да төтенше жағдайларды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» қаулысын,Атырау облысы Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 29 наурыз 2020 жылғы №8 «Атырау облысының аумағында қосымша шектеу іс –шараларын , оның ішінде халықтың өмірі мен (немесе) өзге де қызметіне тұрмыстық ерекше жағдайын енгізу туралы» қаулысын, басшылыққа алып, Республикалық мемлекеттік мекемесі Жылыой аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының №158-191503ережесіне сәйкес және Атырау қаласында коронавирус инфекциясынан қолайсыз эпидемиологиялық ахуалдың қалыптасуына, ҚР Атырау облысында коронавирус инфекциясының тіркелуіне байланысты,сондай–ақ коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2020 жылғы 10 сәуір сағат 00.00-ден бастап 2020 жылғы 15 сәуір 07.00-ге дейін Жылыой ауданы аумағында келесі шектеулер шаралары енгізілсін:

Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай кезінде шектеу шараларын сақтау, сондай-ақ коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында (бұдан әрі COVID-19)

1)Жылыой ауданы тұрғындарына қала және ауылдық округтер арасында, тұрғылықты жерінде жаяу және автокөліктермен сағат 21.00-06.00 жүруге тыйым салынады,

Мыналарды қоспағанда:

-медициналық көмекке жүгіну;

-аудан, қала, кент және ауылдық округ әкімдік қызметкерлері, құқық қорғау органдары, жедел жәрдем қызметі, санитарлық-эпидемиялық қызметі, өрт сөндіру қызметі, апаттық-құтқару қызметі, ауданның тыныс тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындарының (стратегиялық оъектілер) және телекоммуникациялық байланыс қызметкерлері (қызметтік куәлік немесе жұмыс орнынан анықтама).

2) дәріханаларды қоспағанда азық-түлік супермаркеттерін, азық-түлік дүкендерінің уақыты сағат 09.00-ден 20.30-ге дейін рұқсат етіледі;

3)аудан бойынша (қала, кент, ауылдық округ) ресмижәне жеке жолаушы тасмалдаушы көлік тасымалын жасауға сағат 07.00-ден 21.00-ге дейін рұқсат етіледі;

4) басқа жерде жұмыс жасайтын қызметкерлерге мекеме басшылары төтенше жағдайға байланысты заңдылықтардың қатаң сақталуын қамтамасыз етсін;

5) 18 жасқа дейін және65 жастан асқан аудан тұрғындары аса бір қажеттілік болмаған жағдайда үйлері мен пәтерлерінен далағашығу шектелсін;

6) тұрғылықты жерінен тыс жерде жүрген кезде бетперде (маска)тағу, бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалану және қолға жағуға арналған антисептиктерінің болуы міндетілсін;

7) балалармен серуендеуді тұрғылықты жерінен 100 метрден аспайтын радиуста және ұзақтығы 30 минуттан аспайтынуақытта жүзеге асырсын;

8) сауда-ойын-сауық орталықтарының, базар қызметін тоқтату жұмыстары жалғастырылсын;

9)азық-түлікке жатпайтын сауда орындарының,жеке тұратын азық-түлік емес дүкендердің, автокөлік бөлшек сататын салондарының, гүл павильондарының, фотоателье, фотосалондардың, оптика, ломбардтардың, жылжымайтын мүлік агенттіктердің, көлік жуу орындарының, техникалық қызмет көрсету станциялары,моншалар, сауналар, спорт кешендері,сұлулық салондары, спа орталықтары, тырнақ шеберханалары, шаштараздар, компьютерлік клубтар, жабық балалар ойын алаңдары, көрмелер, осыған ұқсас қызмет көрсету нысандарықызметін тоқтату жұмыстары жалғастырылсын.

10) мейрамханалар, кафелер, барлар, асханалар басқа да қоғамдық тамақтану обьектілер жұмысына 10.00-ден бастап 20.00-ге дейін «тапсырыс берушілерге жеткізу» қағидасы бойынша рұқсат берілсін;

11) меншік түріне қарамастан балабақшалардың қызметі тоқтатылсын.

12) банктер, почталар және халық көп шоғырланатын мемлекеттік және жеке ғимараттарда келушілерге 3 адамға дейін(2 метрден кем емес арақашықтықты сақтай отырып, адамдардың шоғырлануына жол бермей) қызмет көрсетуін, дезинфекциялық іс-шараларды жүргізуін қамтамасыз ете отырып, жұмыс уақыты 09.00-дан бастап 17.00-ге дейінөзгертілсін;

2.Құлсары қаласы және ауылдық округ әкімдеріне:

1) халықтың жаппай жиналатын орындарын, оның ішінде жаяу серуендеуге жиі баратын орындарды (көшелерді) саябақтарды, скверлерді, жағалауларды, алаңдарды, балалардың ойын алаңдарын және азаматтардың өзге де демалыс орындарын жабылсын;

2) қоғамдық көліктің жұмысын 07.00-ден 19.00-ге дейін шектелсін;

3)меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыс уақытын немесе жұмыс аптасын қысқартуды ұсынсын;

4) қоғамдық жаяу жүргіншілер өткелдерін, тротуарларды, саябақтарды,скверлерді, алаңдарды,аула алаңдарын, ірі сауда орындарын, темір жол және автотұрақтарға іргелес аумақтарды, базарлар аумақтарын жуу құралдарын қолдана отырып, дезинфекциялық өңдеуді күшейту; 5)кәсіпкерлік субьектілерінің тиісті аумағында шектеу іс-шараларының сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін.

3.Аудандық полиция бөлімі бастығына:

1)Құлсары-Атырау, Құлсары-Боранқұл, Құлсары-Ақкиізтоғай және Құлсары-Теңіз кен орыны тас жолдары бойында тексеру пункті жұмыстары заңдылықтарға сай жүргізілсін;

2) карантиндік және шектеу шараларының бұзушылықтары анықталған кезде, өз құзыреті шегінде және Қазақсатан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бойынша дереу шаралар қабылдауды, сондай-ақ профилактикалық мақсаттарда осы фактілерді бұқаралық ақпарат құралдарына кеңінен жариялауды қамтамасыз етсін;

3) азаматтардың қоғамдық орындарда саябақтарда, алаңдарда болуына жол бермеу мақсатында оларды күзету жөніндегі шараларды күшейту;

4) отбасы мүшелерін қоспағанда үш адамнан асатын топтардағы адамдардың қозғалысына, көпшілік адам жиналатын жерлерге, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ересектерсіз жүруіне тосқауыл қоюға;

5) сыбыстар мен арандатушылық ақпараттардың жолын кесу жөніндегі жұмыстарды ерекше бақылауға алуға,фактілер анықталған жағдайда кінәлілерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапқа тарту үшін дереу шаралар қабылдайды және қауесет пен арандатушылық ақпаратты одан әрі таратуды тоқтатады;

6) азаматтардың көше бойымен жүруі құқығынсыз үйдегі карантиндік режимін сақтауын бақылау;

7) ресми тіркелген жолаушылар тасымалдайтын жеке автокөліктердің үш немесе одан да жоғары топтасып жиналуын болдырмау және жолаушыларды тасымалдау кезінде шахматтық реттілікті сақтау.

8) инфекциялық және карантиндік байланыс ауруханаларында оқшаулау және қорғау;

9) төтенше жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссия бекіткен тізбеге сәйкес қызметкерлердің аудан ішінде кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етсін.

10) ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 01.04.2020 жылғы №30 «ҚР–да төтенше жағдайларды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» қаулысының талаптарын орындауды қамтамасызетсін.

11) аудандық штаб мүшелерімен бірлесіп, рейдтік шаралар ұйымдастырылсын.

4.Аудандық орталық аурухана басшысына:

1) стационарға жатқызылған және берілістерді қабылдаған науқастарға баруға тыйым салуға;

2) медициналық ұйымдарда науқастарды жоспарлы түрде госпитализациялауды шектеуді;

3) денсаулық сақтау ұйымдарында санитарлық дезинфекция және эпидемияға қарсы режимін қатаң сақталуын қамтамасыз етуге;

4) медициналық персоналдардың іс әрекеттерін қарау тасымалдау ошақтарда жұмыс істеу, ауруханаға жатқызу емдеу және науқастарды күтуге байланысты персоналдарды жоғарғы дәрежеде қорғаныш бетперделермен (маскалармен) немесе респираторларыменрезеңке қолғаптарымен қамтамасыз етеді;

5)карантиндік ауруханаларда 4) тармақшадағы шараларды сақталуын қамтамасыз етеді;

6) қашықтан қызмет көрсету форматында алғашқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарының дәрігерлерді қабылдауын сондай-ақ онлайн режимінде немесе рецептерді үйіне жеткізу;

7) ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 01.04.2020 жылғы №30 «ҚР–да төтенше жағдайларды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы қаулысының талаптарын орындалуын қамтамасыз етсін.

5.Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектерді,қоғамдық тамақтанудысату обьектілері бар ұйымдар, кәсіпкерлік субьектілері, үкіметтік емес ұйымдар:

1) әр 2-3 сағат сайын дезинфекциялық және жуғыш заттарды қолдана отырыпылғалды тазалау жүргізу;

2) ғимараттардағы жабдықтау мен желдеткіштің жұмысын тексеру және тазалау;

3)жұмысшылар мен келушілердің байланыссыз термометриялық және тыныс алу органдарының аурулары белгілерінің болуын тексеруді қамтамасыз ету;

4) сатушылар мен басқа жұмысшылардың келушілермен,әр екі сағат сайынауыстырып тұратын қорғаныш бетперделермен (маскалармен),қорғаныш көзілдіріктермен және резинке қолғаптармен жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

5)келушілердің нысандарға текбетпердемен (маскалармен) жіберуге;

6)дүкендерде, супермаркеттерде және сауда үйлерінде барлық кассалардың алдында сатып алушылардың қозғалысын 2 метрден кем емес шектеу және қашықтықты сақтау үшін өткелдерде таңбаларды орналастыруды қамтамасыз ету,кезектер жасау кезінде обьектілерді үй жайларына өткізу қабілетін ескере отырып кезекпен адамдарды кіргізуді қамтамасыз ету;

7) кассаға дейінгі 5 метр сыртына қосымша қоршаулар орнатуға;

8) кезек орындарында жоғарыда аталған тәртіпті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және азық-түлік бөлімдеріне кірер алында кезекте қашықтықты сақтау туралы ақпараттық тақтаны құруға;

9) шаруашылық субьектілеріне азық түлік пен қажетті тауарларды үйде жеткізуді ұйымдастыру мен тауарларды ғаламтор арқылы сату үшін интернет-ресурстарды барынша пайдалануды ұсыну;

6. Аудандық ішкі саясат бөлімі басшысына, қала, кент, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп:

1) коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша Жылыойауданы аумағында шектеу іс-шаралары режимін сақтау жөніндегі жадынамалар, хабарландырулар, инфографикалар бейнероликтер мен жүгіртпе жолдарды т.б. тарату арқылы түсіндіру жұмыстарды жүргізуді, әлеуметтік желілер арқылы таратудықамтамасыз етсін.

7.Ауданның тыныс тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар басшыларына (электрмен, жылумен,сумен жабдықтау және басқалар) аудандық коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімі басшысына, округ әкімдеріне:

1) су тасқыны кезеңін ескере отырып, аудандық шаруашылық ауыз су құбырларында ауыз суды залалсыздандыру жөніндегі іс шараларды күшейтсін;

2) су құбырымен кәріз желілеріндегі апаттарды уақытында жоюды және кейіннен жүргізілген іс шараларды, оның ішінде зертханалық жұмысты қамтамасыз ету:

3) қызметкерлерді жеке қорғау құралдарымен бетпердемен (маскалармен) қамтамасыз ету, құрылымдық бөлімшелер шегінде қызметкерлердің қозғалысын шектеу, олардың бір-бірімен жақын қарым- қатынасын болдырмау:

4) жалпы пайдалану орындарында дезинфекциялық режимді күшейту;

5) негізгі технологиялық процеске байланысты емес қызметкерлерді қашықтан жұмыс нысанасына ауыстыру:

8. Мемлекеттік органдардың ұйымдардың кәсіпкерлік субьектілерінің үкіметтік емес ұйымдардың басшыларына тыйым салу:

1) мәдени–бұқаралық, спорттық, діни және басқа да мерекелік іс шаралар өткізуге;

2) ұйымдарымен кәсіпорындар қызметкерлерінің ауданнан тыс жерлерге баруға;

3) халық арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша үй карантинін сақтауға және ауру белгілері пайда болған жағдайда медициналық көмекке уақытылы қарау қажеттілігіне баса назар аудара отырып санитарлық ағарту жұмыстарын күшейту:

9.Жылыой аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы:

1) карантиндегі стацинонарлармен обьектілерде санитариялық дезинфекциялау режимінің сақталуын бақылауды күшейту;

2) бекітілген аумақта, халықтың жаппай жиналатын обьектілерінде санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс шаралардың орындалуын бақылау;

3) ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 01.04.2020 жылғы №30«ҚР–да төтенше жағдайларды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» қаулысының талаптарын орындалуды қадағалауға;

10.Жеке және заңды тұлғаларға:

1)ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 01.04.2020 жылғы №30 «ҚР –да төтенше жағдайларды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» қаулысын, Атырау облысы Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 29.03.2020 жылғы №8 «Атырау облысының ауданы аумағында қосымша шектеу іс –шараларының , оның ішінде халықтың өмірі мен (немесе) өзге де қызметіне тұрмыстық ерекше жағдайын енгізу туралы» қаулысы орындалуын қамтамасыз етуге.

11. Осы қаулы барлық мүдделі ведмостваларға жеткізілсін,халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін;

16.Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті.

18.Осы қаулының орындалуын өзіме қалдырамын.

19.Осы ҚАУЛЫ қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 Т.А.Хабибуллин,

Жылыой ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521