.
Бүгін Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильді орталығы» басшысы Омаров Қайрат Бақтыгерейұлы Жылыой ауданына келіп, Мансап орталығының жаңа басшысын ұжымға таныстырды.
Атырау облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильді орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Қ. Омаров 2025 жылдың 08 шілдедегі №86- ЖҚ бұйрығына сай, Жылыой аудандық Мансап орталығының директоры лауазымына Садықов Бауыржан Төлегенұлы тағайындалды.
19.07.1981 жылы Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген.
1999 жылы №6 кәсіптік мектепті бітіріп, сол жылы Орал қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң университетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалына оқуға түсіп, заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Сонымен қатар, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін қаржыгер мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2005-2013 жылдар аралығында «БТА Банк» АҚ-да заңгер маманы болып бастаған.
2013-2018 жылдар аралығында «Өмірзақ Сервис» ЖШС-де заңгер лауазымы бойынша қызмет атқарған;
2020-2022 жылдар аралығында «Өмірзақ Сервис» ЖШС-де бөлім меңгерушісі лауазымына ауыстырылды;
2022 жылдан күні бүгінге дейін «Өмірзақ Сервис» ЖШС-де Бас директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымы бойынша қызмет атқарып келді.