Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық Референдумның маңыздылығын түсіндіру мақсатында Жылыой аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері "Жансая" саябағында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Алдағы өзгерістер адам құқықтарын қорғауға бағытталатынын, жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте болуы туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, Жылыой аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерімен тұрғындарға ақпараттық брошюралар таратылды
Шара барысында "Құлсары мүгедектері" Қоғамдық бірлестігінің мүшелері тұрғындарға арнап ән шырқады.
#referendum2022