Жылыой аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы тағайындалды

Әлібек Науаров

Алғаш еңбек өтілін Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері болып бастаған.

Бүгін 11 тамыз күні кезекті аппараттық жиын барысында аудан әкімі Халел Жамалұлы осы уақытқа дейін Атырау қаласы әкімінің бас инспекторы лауызымын атқарған Әлібек Науаровты Жылыой аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы етіп тағайындады.

⠀ Науаров Әлібек 1989 жылы Жылыой ауданында дүниеге келген. Білімі - жоғары, 2011 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті "Тарих" бакалавры. ⠀

Алғаш еңбек өтілін 2011 жылы Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің археология және этнография ғылыми зерттеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері болып бастаған. ⠀

2017-2019 жылдары Жылыой ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бақылау бөлімінің бас маманы, ⠀ 2019-2020 жылдары Атырау қаласы әкімінің бас инспекторы, баспасөз хатшысы лауазымын атқарып келген.

Жылыой ауданы әкімдігі баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521